Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекетке Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Әсет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Тайланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
