Жұрт әлеуметтік желіде «черная касса» ойнап жүр

Жұрт Threds желісінде 2000 теңгеден жинап, «черная касса» — алтын қоржын ойнаған. Алайда ойын көпке созылмай, соңында бір-бірінің ақшасын қайтарып беруге тура келген.

Threds желісінің imangalievaaam деген қолданушысы осы әлжеліде басқа да қолданушылармен алтын қоржын ойнағанын жазды. 

Жақында маған да қызық болып қатысып көрейінші дедім. Біздікі 2000 теңгеден болды. Бәрі қағазға «алдамаймын» деп қолхат жазып берді, жеке куәлігінің фотосымен қол қойды. Содан админ «бірінші жиналған ақшаны мен аламын, құқым бар» деді. Жақсы деп жинап бердік, — дейді қолданушы.

Оның жазуынша, келесі адамға алтын қоржынын жинап беретін кезде бір адам «маған сала беріңдер, жиналғасын келесі адамды таңдап, жібереміз» деген.

Алайда соңында адамдар бір-біріне күмәнданып, бірінші адамнан бастап жиналған ақшаны адамдарға қайтарамыз деп шешкен.

Threds
Threds-тегі жазбаның скрині

Алайда осы алтын қоржынды ұйымдастырған админ әлі күнге дейін жұрт берген ақшаны қайтармаған.

Жұрт жазбаға «Танымайтын адамға қалай сенесіңдер?» «Ондай жерде алаяқтар да болады», «Ойнаймын деп жүр едім, сақтап қалыпты ғой» деп жазып жатыр.