Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжат тапсырды

Бұхарадағы бейресми кездесуде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстаннан табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді. Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген әрі тарихи-мәдени құндылығы зор.

Қожа Ахмет Ясауи
Фото: Ақорда

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының Өзбекстанға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік.