Астанадағы қайғылы өрт: зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр

Астанада үш бала қаза болған тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астанадағы өрт орнында жедел жәрдемнің үш бригадасы жұмыс істеген. Зардап шеккен әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде екені белгілі болды. Ол жедел түрде №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер әйелден екі–үш дәрежелі күйік шогын анықтаған, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Еске салайық, Астананың Есіл ауданында орналасқан 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, қайғылы оқиға орын алды. Салдарынан үш бала қаза болды.