Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 8:00-ден 20 сәуір күні сағат 8:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған, — делінген хабарламада.