Не болды?
«По домам» бағдарламасы кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызының үйін түсірген еді. Енді Threads-тегі жұртшылық еліміздегі танымал жұптың махаббаты мен олардың үйін қызу талқылап жатыр. Baribar.kz әңгіменің өзегін баяндап береді.
«Махаббат маңызды, ал үй — жай ғана еңбектің жемісі»
Бейбіт Әлібековтың бағдарламасы танымал адамдардың үйін таныстыруға арналғанына қарамастан, көрермен үйге қарағанда жұптың махаббатына көбірек тамсанды. Қолданушылар Баян Мақсатқызы кейінгі 30 жыл бойы шоу-медиа саласындағы жұмысын тоқтатпағанын жазып жатыр. Тұрсын Алагөзовтің бизнесі де кейінгі 30 жыл бойы жүріп тұр.
Ендеше махаббат пен екеуінің үздіксіз еңбегі маңызды. Ал үй-жай ғана қажымас еңбектің жемісі, — дейді жұрт.

Threads-те екеуінің еңбегіне емес, үйдің өзіне тамсанғандар да бар. «Ертегідегі өмір деп осыны айт, бізге де бұйырсын» деп жазды бір қолданушы.

Ал енді бір оқырман «камера мен күзет барын түсінемін, бірақ бұндай үйім болса қауіпсіздігім үшін алаңдар едім» деп жазыпты. Оның жазуына қарғанда өзі АҚШ-та тұратын көрінеді. Жақында ғана оған жақын жерде тұратын Рианнаның (танымал әнші) үйіне ұры түсіп, атыс болған.

Тағы бір қолданушы бұрын Тұрсынды Баянның күйеуі деп таныса, енді Баянды Тұрсынның әйелі деп танитынын мойынады.

Жұрт Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызының “баласы болуға» құштар
Бұл тақырып аясында желіде қызу талқыланып жатқан әңгіменің бірі — осы жұптың «баласы болуға» деген құштарлық. Бір қолданушы жасанды интеллект арқылы өзін Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтың ортасына қойып қойған.
Ал басқа қолданушылар «Мені неге суретке түсіруге шақырмағансыз, аға?», «Ағау, мен жақында АҚШ-тан келемін», «Мені де қосып, асырап алыңдаршы» деген секілді пікір жазып, әзілдесіп жатыр.




Бейбітті «қонаққа» шақырып жатыр
Кейінгі шығарылымнан кейін комик, продюсер Нұрлан Қоянбаев, блогер Нұртөре Әбдіқалық бағдарлама жүргізушісін үйіне қонаққа шақырды.


Тағы бір оқырман «Әлібеков бағдарламасын менің үйіме келіп түсірсе, 5 минутта бітіп қалады ғой» деп әзілдеп жатыр.

Тұрсынның киімдері
Шығарылымның ең қызық жері үлкен территориядағы үй, киіз үй мен бассейн емес, Тұрсын Алагөзовтың киім-кешегі болды. Танымал брендтен сатып алған киім мен аяқкиім көрерменнің назарын аударды.
Бейбіт Әлібековтың өзі де кейінгі күні Threads-тегі парақшасына өзі киіп көрген Тұрсынның күртешесі «қатты қымбат емес» екенін жазған. Ал қолданушылар оның бұл әрекетін «Бейбіт өзінің кедей сияқты көрініп қалғанын қабылдай алмай жүр» деп қалжыңдады.



***
Тағы оқыңыз:
Пойызда қызға тиіскен. «Шәй әңгімеде» дау тудырған қай әңгіме?
