Рәпер Qarakesek Ақтөбеде қоқыс жинап жүр

Не болды?

Qarakesek лақап атымен танылған рәпер Омар Амантаев сот шешімімен ақпан айында 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасына тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ақпаратына қарағанда, ол қоғамдық жұмысты Ақтөбе қаласындағы Заречный елді мекенін тазалаудан бастаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @qajd.aqtobe

Қоғамдық жұмыс – жаза ғана емес, қоғамға пайдалы еңбек арқылы жауапкершілікті сезінуге бағытталған тәртіп шараларының бірі. Омар Амантаев сот үкімін орындау үшін заң талабына бағынудың үлгісін көрсетті. Мәртебесі қандай болса да, танымал тұлға немесе қарапайым азамат болса да сот шешімі бәріне ортақ және міндетті түрде орындалуға тиіс, — дейді баспасөз қызметі.

Анықтама

Qarakesek — 1994 жылы Орал қаласында дүниеген келген Қазақстан азаматы. Кейінгі жылдары Ақтөбе қаласында тұрады.

Конекст

Естеріңізге салайық, 2025 жылғы қыркүйекте полиция қызметкерлері көлік айдап келе жатқан рәперді ұстап, оның есірткі шеккенін анықтаған. Рәпер сот шешімімен 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қылмыстық іс қозғалды.

Кейін 2026 жылғы ақпанда Ақтөбе қаласында сот отырысы болды.  Омар Амантаев көлікті масаң күйде жүргізгенін мойындады. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі арқылы айып тағылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады.

Оған қоса Омар Амантаев психиатрдан ем алуға тиіс. Ем амбулаториялық әрі мәжбүрлі болуы керек. Әнші қоғамдық жұмыстан бас тартса, төрт сағаты үшін бір тәулікке қамаққа алынады.