Не болды?
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шығанақтағы араб елдерінің және Иорданияның елшілерімен кездесуі өткізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сыртқы істер министрінің мәліметіне қарағанда, кездесу барысында министр мен елшілер Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, өңірдегі шиеленіс жайлы пікір алмасты.
Ермек Көшербаев араб елдеріндегі бейбіт тұрғындардың қаза табуы мен инфрақұрылымға әсер еткен соғыс әрекетін тоқтатудың маңызын айтты. Дипломаттарға Қазақстан азаматтарының елімізге аман-есен оралуына жәрдем бергені үшін алғыс білдірді.
Қазақстан тарапы Шығанақ елдері көшбасшыларының бейбіт саяси келісімін, сондай-ақ, Қытай мен Пәкістанның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру бастамасын құптайды. Еліміз бейбіт келіссөз үшін Түркістан қаласынан алаң ұсынуға дайын, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Түркия сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылаған еді.
