Қытай блогері Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Не болды?

Миллиондаған оқырманы бар Қытай блогері Тао Минсю президент атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне қарағанда, Тао Минсюға мемлекет наградасын премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Бұл марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанның мәдени мұрасын танытып, туристік әлеуетін насихаттап, екі ел арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосқаны үшін берілді.

Тао Минсю Қазақстан жайлы 100-ден астам материал жариялаған

Тао Минсю Қазақстанға алғаш рет 2024 жылғы қыркүйекте медиа-инфлюенсер ретінде арнайы шақыртумен келген еді. Содан бері ол Астана, Алматы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына барып, желіде 100-ден астам материал жариялаған. 2025 жылғы мамырда блогерге «Қазақстан туризмінің елшісі» деген құрметті мәртебе берілді. Қазақстанға бесінші сапары барысында блогер Алматы – Ақтау – Түркістан бағытында сапарға шығып, Амал мен Наурыз мерекелеріне арналған іс-шараларға қатысты.

Анықтама

Тао Минсю (Тао Тао есімімен де танымал) — миллиондаған оқырманы бар Қытай блогері, Kazakh Tourism амбассадоры.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты «Достық» орденімен марапаттады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да