Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен қарулы күштерде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Осыған дейін атқарған лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
