ШҚО әкімінің экс-бірінші орынбасары 6 жылға сотталды

Бүгін Өскеменде ШҚО әкімінің экс-бірінші орынбасары Жаксылық Омарға қатысты үкім шығарылды. Ол алаяқтық және пара алу бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

YK-news.kz мәліметінше, сот шенеунікті кінәлі деп танып, оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар Toyota автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Жаксылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат желіде тараған болатын. ҰҚК мәлімдегендей, ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан.

Оған ҚР ҚК 190-баптың 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары (ірі көлемде алаяқтық) және 366-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі көлемде пара алу) бойынша айып тағылған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да