Алматыда 4 автобус маршруты уақытша өзгереді

Алматының Жетісу ауданында су құбыры желілерін жүргізу жұмыстарына байланысты төрт автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы көлік холдингінің мәліметінше, жұмыстар Бессарабия, Осоавиахима, Островский, Тобаяков, Герцен, Юмашев, Серов, Леваневский, Серафимович, Гастелло және Матросов көшелерінде жүргізіледі.

3 сәуірден бастап маршруттар төмендегідей өзгереді:

  • №17 маршрут
    Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
    Кері бағытта: Жансүгіров көшесі – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
  • №32 маршрут
    Солтүстік бағытта: Баянауыл көшесі – Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
    Кері бағытта: Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – Баянауыл көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
  • №51 маршрут
    Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
    Кері бағытта: Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
  • №123 маршрут
    Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
    Кері бағытта: Жансүгіров көшесі – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Қала тұрғындарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.