«ҚазАвтоЖол»: Бірқатар өңірде жол қозғалысы шектелді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы Қазақстандағы жолдың қазіргі ахуалы туралы мәлімет таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 2 сәуір сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы бойындағы 5-83 шақырым аралығында (Қарабұтақ кенті – Т.Жүргенов ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.

Алайда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты шектеулер сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында күннің күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруіне байланысты Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы автожолы 0-30 шақырым аралығында (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы) көлік қозғалысы шектелді.

Павлодар облысында Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы автожолы бойында (Қалқаман жол айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қостанай облысында Желқуар өзенінде су тасуына байланысты (ені 70 метр, биіктігі 20 см) Мариновка ауылына кіреберіс автожолы 0-9 шақырым аралығында барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Жол қызметтері жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, ауа райы мен жол жағдайын ескеруді сұрайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да