АҚШ университеттері «Болашақ» тізімінен неліктен алынып тасталды?

Не болды?

АҚШ-тың Бостон, Дейвистегі Калифорния, Оңтүстік Калифорния секілді танымал университеттері «Болашақ» тізімінен алынып тасталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің үкімет отырысынан кейінгі брифиңде айтқанына қарағанда, кейінгі жылдары бұл университеттерге Қазақстан азаматтары көптеп оқуға түскен. Өйткені оларға түсуге кепілдік беретін компаниялар болған.

Біз бұл университеттермен келіссөз жүргізіп, мұндай компанияларды алып тастауды өтіндік. Олай болмаған жағдайда тізімінен шығаратынымызды ескерттік. Өйткені бізге сапа қажет. Алайда жоғары оқу орындары ымыраға келмегесін, осындай шешім қабылдауымызға тура келді, — деді Саясат Нұрбек.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан білім беру бойынша Орталық Азия тізімінде нешінші орында екенін жаздық.