Өскеменде 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды

Не болды?

Өскеменде сауда орталығынан 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қаңтар-ақпан айы аралығында ер адам сауда орталығынан бірнеше рет тауар ұрлаған. Ол бірнеше рет тауарды сырт киіміне жасырып, ақысын төлемей дүкеннен шығып кеткен. Күдікті жалпы 80 қорап Merci шоколадын жымқырған. Бұдан бөлек, косметика, азық-түлік пен жеке гигиена заттарын да ұрлаған.

сауда ұйымына заңсыз әрекет кесірінен 250 мың теңге шығын келді. Қазір бұл іс тергеліп жатыр. Күдіктіні күзет арқылы ұстау шарасы қабылданды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Астанада 165 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған әйел Ыстамбұлға қашып кетіп, Қазақстанға депортацияланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да