Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соғысып, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жол-көлік оқиғасы Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде болған. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, көмір тиеген пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан сәтте маршрут автобусы жол бермей, соқтығысқан.
Салдарынан алты адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Олардың жағдайы дәрігерлер бақылауында.
Қазір аталған дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар апаттың нақты себептері мен жауапкершілік мәселесін айқындап жатыр.
