Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Магнитудасы 4,4: Жетісу облысында жер сілкінді

Фото: Depositphotos.com
Бүгін, 31 наурыз күні түнде Жетісу облысында қуаты 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық ядро орталығының географиялық зерттеулер институтының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 00:42-де тіркелген.

Дүмпудің эпиорталығы Жаркент қаласының солтүстік-батысына қарай 33 шақырым жерде болған.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі қирандылар мен зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады.