Алматыда 3 адамның өмірін қиған жол апаты: полиция мәлімдеме жасады

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Zeekr автокөлігінің жүргізушісі ауруханада жатыр. Ол толық сауыққаннан кейін тергеу әрекеттері жүргізіліп, қамауға алынуы мүмкін.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тараған көше жарысы және оқиғаға полицияның жоғары лауазымды тұлғасының қатысы бар деген ақпараттарға да түсініктеме берілді. Қазір бұл мәселеге қатысты қызметтік тексеріс басталған.

Егер қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе, оларға қатысты ең қатаң шаралар қолданылады, — деді Айдын Қабдұлдинов.

Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні болған. Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл бап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да