Не болды?
Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылында жедел жәрдем көлігі Toyota көлігімен соқтығысқан. Жедел жәрдем көлігі бір жағына ауып кеткен. Көлік ішінде жүктілігінің 39-аптасындағы әйел болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Диапазон» өңірлік басылымының ақпаратына қарағанда, әйел шұғыл түрде перзентханаға жеткізілген. Науқас жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол қазір облыстық ауруханада бақылауда. Дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушісі ауыр зардап шекпеген.
Облыстық полицейлер тұрғындарды аса сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жүргізушілер жарқыраған шамдары қосулы апаттық көліктерге жол беруге міндетті, — деп жазды басылым.
Контекст
Естеріңізге салайық, Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды.
