Не болды?
Шетелдегі Қазақстан азаматтары алимент төлеуден қашып құтыла алмайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Депутат Евгений Больгерттің айтуына қарағанда, сенат 1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізді.
Қазақстанда ғана емес барлық ТМД елінің аумағында, сот бұйрығын енгізетін конвенция қабылданды. Бұл конвенция алименттерді мәжбүрлі түрде төлету бойынша шешімдер тізімін кеңейтеді. Енді Қазақстаннан ТМД-ның басқа еліне кетіп, алимент төлемей жүруге болмайды. Сот Қазақстан азаматтарын шетелде жүрсе де, алимент төлеуге міндеттейді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Маңғыстау облысында баласына бірнеше жыл бойы алимент төлемеген әке қамауға алынды.
