Теміржолдағы 734 нысанға су тасқыны қаупі төніп тұр

Не болды?

Теміржолдағы 734 нысанға су тасқыны қаупі төніп тұр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, теміржолдағы 734 нысанға су тасқыны қаупі төніп тұр. Сонымен қатар министрлік жақында су тасқынына қарсы 45 пойыз, жалпы 290 вагон дайындауды жоспарлап отыр.

Оңтүстік, Батыс пен Шығыс өңірдегі су тасқынына қарсы пойыздар толық дайын. Ал Солтүстіктегі пойыздардың 40%-ы жабдықталған. Құбырдағы, шағын көпірдегі қар, мұз бен қоқысты тазалап, тау суы ағатын арықтар ашылып жатыр. Теміржолға жақын орналасқан су қоймалары тексеріледі.

Контекст

Естеріңізге салайық, су тасқыны қаупі жоғары өңірлер анықталған еді.