Не болды?
«ҚазАвтоЖол» филиалының бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«ҚазАвтоЖол» дерегіне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысы филиалының басшысы азаматтарды жалған құжат арқылы жұмысқа орналастырған. Нәтижесінде іс жүзінде міндетін атқармаған азаматтарға заңсыз еңбекақы төлеген. Жалпы 6,7 млн теңге қаражат жымқырған.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы сот үкімі бойынша, «ҚазАвтоЖол» филиалының бұрынғы басшысы лауазымын теріс мақсатта пайдаланғаны үшін 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Прокуратураның апелляциялық наразылығы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық соты жазаны 3 жыл 6 айға дейін күшейтті.
Контекст
Естеріңізге салайық, Батыс Қазақстан облысында басшылар жол жөндеуге бөлінген 56 млн теңгені жымқырып отырған.
