Елде 45 мыңнан астам жұп ажырасқан. Қай өңірде ажырасу көп?

Қазақстан ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2025 жылы елде 45,7 мың жұп ажырасқан. Оның 34 мыңы қалаларда, ал 11,7 мыңы ауылдық жерлерде тіркелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ажырасу көрсеткіші ең жоғары өңірлер қатарында Павлодар облысы, Қарағанды облысы және Солтүстік Қазақстан облысы бар. Ал ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, ажырасудың басым бөлігі некеде бір4төрт жыл тұрған жұптар арасында болады.

Өткен жылы Қазақстан бойынша 115,9 мың неке тіркелген. Некелесу көрсеткіші бойынша Астана көш бастап тұр. Одан кейін Қарағанды облысы және Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында байқалды. Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 жас, ал әйелдерде 25,3 жас болған. Ерлердің 77%-ы, әйелдердің 78%-ы алғаш рет отбасын құрған. Ажырасқаннан кейін қайта некеге тұрғандардың үлесі ерлерде 22%, әйелдерде 21% болды, — делінген хабарламада.

Үйлену тойлары көбіне жаз айларында – маусым, шілде және тамызда өтетіні анықталды. Былтыр тіркелген некелердің 80,4%-ы моноэтностық болса, 19,6%-ы ұлтаралық некелер болған.