Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қандастарға 7 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаты беріледі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас статусын алды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралған. Бұл туралы  Baribar.kz хабарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері келген қандастардың 47,8%-ы Қытайдан, 43,6%-ы Өзбекстаннан, 2,7%-ы Түрікменстаннан, 2%-ы Ресейден, 2,2%-ы Моңғолиядан және 1,7%-ы басқа елдерден келген.

2025 жылғы деректер бойынша, қоныс аударғандардың 58,1%-ы еңбекке қабілетті жастағылар болса, 33,1%-ы балалар, ал 8,8%-ы зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 13,1%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білім алған, 51,9%-ы жалпы орта білімді, ал 7,9%-ының білімі жоқ. Қоныс аударушылар еліміздің түрлі өңірлеріне орналастырылған. Сонымен қатар еңбек күші тапшы аймақтар ретінде Ақмола облысы, Абай облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы белгіленген. 2026 жылға арналған қабылдау квотасы 2 281 адам болды. Ал жыл басынан бері осы өңірлерге 569 қандас қоныстанған, — делінген хабарламада.

Мемлекет тарапынан қандастарға бірқатар қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, көшуге бір реттік субсидия – отағасына және әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (шамамен 302,8 мың теңге), ал тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (64,9–129,8 мың теңге) төлем қарастырылған. Жыл басынан бері 139 қандасқа түрлі қолдау көрсетіліп, оның ішінде 108 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Сонымен қатар солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру мақсатында жаңа тетіктер енгізілген. Соның бірі – тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаты. Оның мөлшері 1 625 АЕК-ке дейін немесе бір отбасыға 7 млн теңгеге дейінгі қайтарымсыз қаржылай көмек ретінде беріледі.

Мақалаға реакция