Қазақстанда жаңа Конституция жобасына қатысты өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам болды. Оның ішінде 9 млн 127 мың 192 азамат дауыс беріп, қатысу деңгейі 73,12%-ға жеткен.
Дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды қолдағандар саны 7 млн 954 мың 666 адам немесе қатысушылардың 87,15%-ы болған. Ал 898 099 азамат ұсынылған өзгерістерге қарсы дауыс берген. Сонымен қатар екі жауап нұсқасы бірдей белгіленгендіктен есепке алынбаған бюллетеньдер саны 127 868 болса, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны 146 558-ге жеткен. Қолданыстағы заңнама бойынша, егер дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өтті деп саналады. Бұл талап толық орындалған, — деді Нұрлан Әбдіров.
Осылайша, республикалық референдум өтті деп танылып, жаңа Конституцияны қабылдау туралы шешім қабылданды.
