Қазақстанда президентті сайлау 2029 жылы өтеді

Не болды?

Қазақстанда келесі президентті сайлау 2029 жылы өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабаралап отыр.

Мәлімет

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді. Jibek joly телеарнасының тілшісі Зұлқарнай Ермұрат кейбір сарапшылардың «Конституциялық реформа – билік транзитіне, президент сайлауына дайындық» деген пікірі жайлы сұрақ қойды.

Жалпы, вице-президент лауазымы не үшін қажет?, — деп сұрады Jibek joly телеарнасының тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда, ол вице-президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенінен хабардар екен.

Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте вице-президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдіс жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіріп жатыр. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ, — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы вице-президент лауазымы билік институттарын нығайтатынын айтты.

Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес, 2029 жылы өтеді, — дейді Қ. Тоқаев.

Контекст

Естеріңізге салайық, мемлекет басшысы Астанадағы оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді.