15 наурыз – Қайырымдылық күні. Елде қандай іс-шаралар өтеді?

Не болды?

Бүгін 15 наурызда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі бойынша, Қайырымдылық күні өтіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл күн мейірім мен жанашырлықты арттырып, қоғамда игі істерді дәріптеуге бағытталған. Қайырымдылық күніне орай республикалық мәдениет ұйымдары түрлі қайырымдылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.

Қандай іс-шара өткізу жоспарланған?

  • ҚР Ұлттық музейінде «Наурызым мерекем – Наурызым берекем!» деген қайырымдылық акциясы мен Астана қаласында «Жүректен жүрекке» акциясын өткізеді;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Алматыдағы ардагер зейнеткерлер мен көпбалалы аналар үшін Жорж Бизенің «Інжу іздеушілер» деген операсын тегін ұсынады;
  • Астанада «Он игі іс» акциясы өтеді;
  • Ақмола облысында «Жақсылық жасауға асығайық!» және «Жүректен жүрекке» деген акциялар аясында әлеуметтік осал топтарға көмек беріледі;
  • Атырау облысында жалғызбасты азаматтарды, көпбалалы отбасыларды және өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдауға бағытталған «Игі істер марафоны» мен «Жүректен жүрекке» деген қайырымдылық жобалары өтеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда Наурыз 10 күн бойы тойланады.