14 наурыз – Көрісу күні. Алматыда мереке қалай тойланады?

Не болды?

Алматы қаласында 14-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мерекелік бағдарлама «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, қала бойынша 200-ден астам іс-шараны қамтиды. Мереке негізінен Астана мен Абай алаңдарында, Жібек жолы даңғылының жүргіншілер бөлігінде және Панфилов көшесінде өтеді.

  • 12:00 – Наурыз мейрамының салтанатты ашылуы және «Көктөбедегі көрісу» атты концерттік бағдарлама (Көктөбе). Сахнада қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары – Мәдина Сәдуақасова, Айгүл Қосанова, «Тұмар», Made in KZ, КешYou, «Алатау серілері» топтары, сонымен қатар «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.
  • Алматы тұрғындары мен қонақтарын аудиодрондардың қатысатын ерекше құттықтауға куә болады.
  • Көктөбеге баратын аспалы жол 10:00-ден 15:00-ге дейін тегін болады.