Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада фельдшерге шабуыл жасаған адам қамалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Елордада жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, жедел жәрдем бригадасын сауда орталығына шақыртқан. Онда мас күйде болған екі ер адамның бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Фельдшерлер тексеру өткізіп, көмек бергеннен кейін кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі медицина қызметкеріне соққы жасаған. Куәгерлер полиция қызметкерлерін шақырған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ер адам медицина қызметкеріне күш қолданды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Ақпарат

Қазақстанда медицина қызметкеріне, қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану ісі үшін жаза қатаңдатылды.

2024 жылғы 7 наурыздан бастап Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы күшіне енді. Бұл бап бойынша айыппұл салудан бастап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, жыл басында президент медицина қызметкерлерінің құқықығын қорғауды күшейтетін осы заңға қол қойған еді.