2026 жылы үш алыптың мерейтойы тойланады

2026 жыл мерейтойға толы. Биыл ақын Жамбыл Жабайдың, алашордашы Әлихан Бөкейханның және ұстаз Ыбырай Алтынсарыұлының мерейтойы тойланады. Baribar.kz мерейтойларды түгендеп шықты.

Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 180 жыл болды

Жамбыл Жабайұлы 1846 жылғы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауында дүниеге келген. Ол — ХХ ғасырдың Гомері, ақын, жыршы.

Ақынны аты жастайынан шығып, Жетісудың әйгілі ақыны Сүйінбайдан бата алған. Жамбыл Жабайұлы 90 жасында Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі мәдени күндерін бастап берген. Сол жылы кеудесіне «Еңбек Қызыл туы» ордені тағылған.

Ақын 99 жасында Алматы облысындағы Жамбыл ауданында қайтыс болған.

Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толды

Әлихан Бөкейхан -1866 жылғы 5 наурызда қазіргі Қарағанда облысындағы Ақтоғай ауданында туған. Алаш партиясын басқарып, 1917 жылы қазақ жұрты жиылған құрылтайда Алашорда қазақ автономиясын құрған. Өзі алғашқы төрағасы болды.

Кейін большевиктердің айдауымен Мәскеуге жер аударуға тура келген. Бұл уақытта КСРО құруға кіріскен қызылдар автономияның жұмысын доғарып тастаған.

Кейін Әлихан Бөкейханға жала жабылып, халық жауы деп айыптып, 1937 жылғы қыркүйекте өлім жазасына кескен. Қайраткердің есімі 1989 жылы ақталды.

Ыбырай Алтынсарыұлының туғанына 185 жыл толады

Ыбырай Алтынсары — педагог, ағартушы, жазушы. Ол 1841 жылғы 20 қазанда Қостанай облысындағы Қостанай ауданында дүниеге келген. Өзінің азан шақырып қойған аты — Ибраһим. Қазақ тілі кірме сөзді өзінің тіліне ыңғайлайтындықтан, Ибраһим аты Ыбырай болған.

Ыбырайдың үш-төрт жасында әкесі Алтынсары дүниеден өтіп кетіп, ол атасы Балғожа бидің қолында өскен.

Ыбырай Алтынсары Орынбордағы мектепке барып, оны бітірген соң еліне тілмаш болып оралған. Сол кездегі Торғайда алғаш 1874 жылы мектеп ашқан. Мектепке басында 14 бала қабылданған.

Педагог қазақ қыздары да оқысын деп, бұл іске көп күш салған. 1887 жылғы қараша айында Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалап, келер жылы қыздарға арналған мектеп интернатын ашқан.

Ыбырай Алтынсарыұлы 1889 жылғы 17 шілдеде қайтыс болды.