Не болды?
Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Air Astana компаниялар тобының хабарлауынша, Дубай, Жидда, Медина мен Дохаға билет сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтады. 30 сәуірді қоса алғанға дейін қайта тегін брондауға болады. 11 наурызды қоса алғанға дейін билет қайтарып алуға мүмкіндік бар.
Бұған дейін компания Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстердің ұшуын 6 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатқан еді. Ал билет 13 наурызға дейін (қоса алғанға) сатылмайтыны хабарланған.
Контекст
Естеріңізге салайық, Air Astana Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған 735 жолаушысын қонақүйге жайғастырған еді.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына зымыранмен соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді.
