Не болды?
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің бір подъезіндегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылған еді. Бүгін олардың ыстан қалай уланып қалғанына қатысты болжам айтылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көмірқышқыл газынан уланғанының негізгі себебі рұқсатсыз орнатылған резервуарсыз су жылытқыштың мұржасындағы түтіндік болмағаннан болуы мүмкін, — деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы.
QazaqGaz Aimaq апат бригадасы тұрғын үйді желдету арнасы қарастырылмағанын да айтып отыр. Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы шарт, сондай-ақ түтін және желдету арналарына тексеру жүргізу актісі ұсынылмаған.
Жазатайым оқиғаның нақты себептері сот-медициналық сараптама қорытындысынан соң анықталады. Ақпарат тергеу жүргізу үшін жергілікті атқарушы органға жолданған.
Анықтама
QazaqGaz Aimaq — барлық 14 газдандырылған облыста және Республикалық маңызы бар үш қалада газ тарату құбырларын пайдаланатын ірі газбен жабдықтаушы компания.
Контекст
Естеріңізге салайық, 3 наурыз күні күндіз Шымкенттің Тұран ауданы аумағындағы Студенттік қалашық шағынауданында бір пәтерде 4 адамның денесі табылды.
