Баласына бірнеше жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды

Маңғыстау облысында баласына бірнеше жыл бойы алимент төлемеген әке қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Соттың мәліметінше, азамат А. баласын асырап бағу үшін алимент өндіру туралы 2013 жылғы сот бұйрығын бірнеше жыл бойы орындамай келген. Оның бұл әрекеті ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігі (Сот актісін орындамау) бойынша сараланды.

Сот отырысы барысында жауапкер өз кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта мұндай заң бұзушылыққа жол бермеуге уәде берген. Аталған баптың санкциясында 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамаққа алу жазасы көзделген. Сот шешімімен азамат А. кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы кесілді, — делінген хабарламада.