Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

БАҚ: Иран Израильдің ядролық реакторын жаруы мүмкін

AP Photo / Amin Khosroshahi
Иран егер АҚШ пен Израиль Ислам Республикасындағы билікті құлатуға тырысса, онда Израильдің Димонадағы ядролық реакторына соққы жасаймыз деп отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«РИА Новости» агенттігінің мәліметінше, мәлімдемеде Тегеран билігі сыртқы күштер елдегі саяси жүйені өзгертуге талпынса, жауап ретінде Израильдің стратегиялық нысандарына шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескерткен.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін айтқан. Ал Уашиңтон Иранның әскери флоты мен қорғаныс өнеркәсібіне соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеп, ел тұрғындарын қазіргі билікке қарсы шығуға шақырған.

Шабуылдар салдарынан елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейді қоса алғанда, кем дегенде 787 адам қаза болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп әскери операция бастапқыда төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін айтқан. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы соққылар одан әрі күшеюі мүмкін екенін мәлімдеп отыр.

Мақалаға реакция