Ақтөбеде автогаз станциясында жарылыс болды

Ақтөбедегі Алматы ауданының Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ТЖМ мәліметінше, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.

ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмысына ТЖД, ЖҚЖ және апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.