Щучинскіде дәмханада газ жарылып, 7 адам қаза болды

27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында газ баллоны жарылып, салдарынан өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға жеті адамның өмірін қиды.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада болған. Оқиға орнынан сегіз газ баллоны шығарылды.

Алдын ала дерек бойынша, 19 адам түрлі дәрежеде зардап шеккен. Қазіргі уақытта олардың 13-і ауруханада ем қабылдап жатыр, ал алтауы дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілген.

Дәмханада болған жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.