Трамп Иранға қарсы әскери операция жалғасатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция қойылған мақсаттар толық орындалғанға дейін тоқтамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Дональд Трамп өзінің Truth Social платформасында кейінгі 36 сағат ішінде АҚШ одақтастарымен бірге «Эпикалық қаһар» атты ауқымды әскери операцияны бастағанын жазды. Оның сөзіне қарағанда, бұл — әлем тарихындағы ең ірі әрі күрделі шабуыл операцияларының бірі.

Трамп соққылар жүздеген нысанға бағытталғанын айтты. Оның ішінде Ислам революциясы гвардиясы инфрақұрылымы мен әуе қорғаныс жүйелері бар. Сонымен қатар тоғыз кеме мен әскери-теңіз нысандары қысқа уақыт ішінде жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери әрекеттер қазіргі уақытта толық көлемде жалғасып жатыр және барлық стратегиялық мақсаттар орындалғанға дейін тоқтатылмайды.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді. Әуе шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза болды.

Иран АҚШ пен Израильдің өз аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильге ондаған зымыран жіберді.

Мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстандағы барлық күш құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне ауыстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Араб елдерінің басшыларына хат жолдап, көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Қазақстанның Ирандағы елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желісін іске қосты.