Отандық лоукостер FlyArystan Қостанай қаласынан ерекше қажеттіктері бар балалардың «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарына қатысуы үшін әуебилеттерін ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Компанияның мәліметінше, қысқы инклюзивті ойындар 26–27 ақпанда Астанада өтіп, еліміздің түрлі өңірлерінен келген 150-ге жуық бала мен жасөспірімді біріктірді.
FlyArystan президенті Ричард Леджердің айтуынша, ерекше қажеттіктері бар балалардың спорттық дамуына бағытталған бастамаларды қолдау – инклюзивті қоғам қалыптастыруға қосылған үлес.
Біз үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін және балалардың өз әлеуетін ашуына көмектесетін жобаларды қолдау маңызды, – деді ол.
Ойындарды BI-Жұлдызай корпоративтік қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Қор 20 жылдан бері ерекше қажеттіктері бар балаларды қолдау бағытында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді.
«Жұлдызай» жобасының жетекшісі Алмагүл Сәлімбаева бұл жарыстардың балалар үшін тек спорттық бәсеке ғана емес, сенімділік пен әлеуметтенуге бастар маңызды қадам екенін атап өтті.
10–16 жас аралығындағы қатысушылар шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және парахоккей бойынша сынға түсті. Көпшілігі үшін бұл – туған қаласынан алғаш сапарлап, ұлттық деңгейдегі спорттық шараға алғаш қатысу тәжірибесі болды.
Инклюзивті жобаларды қолдау – әуекомпанияның әлеуметтік саясатының бір бөлігі. FlyArystan 2019 жылғы мамыр айынан бері жұмыс істейді және Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылады. 2025 жылғы қаңтардан бастап әуекомпания FS коды бойынша тәуелсіз тасымалдаушы ретінде қызмет көрсетіп жатыр.
Әуекомпания 2023, 2024 және 2025 жылдары Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы атанды.
