Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Кристина Шумекова екінші «алтынын» жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Отандасымыз бұл жолы 1500 метр қашықтықты бағындырды.
Бұған дейін 500 метрлік қашықтықта топ жарған Кристина Шумекова 1500 метрлік бәсекеде де айқын басымдық көрсетті. Ол 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі:
1-орын: Кристина Шумекова (Қазақстан) – 1:56.06;
2-орын: Жанин Роснер (Австрия) – 1:56.36;
3-орын: Аяно Секигучи (Жапония) – 1:57.97.
Айта кетейік, аталған қашықтықта бақ сынаған басқа да отандастарымыз жақсы нәтиже көрсетті:
- Анастасия Беловодова – 13-орын;
- Алина Шумекова – 28-орын;
- Варвара Глухова – 32-орын.
Енді Кристина Шумекованың қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі алтын медалі бар.
