Қазақстанға 150 мың қорап темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

«Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пункті арқылы 150 мың қорап темекіні акцизсіз әкелмек болғандар қолға түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға биыл 19 ақпан күні болды. ҰҚК шекара қызметі қылмыстық әрекеттің алдын алды. Тәркіленген тауардың алдын ала құны – 60 миллион теңге.

Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының жасырын орнында жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген. Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға берілді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да