Заңды өрескел бұзған бірнеше судья жұмысынан қуылды

Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриінің отырысында 12 судьяға қатысты 13 тәртіптік материал қаралды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бір судьяға қатысты екі материал біріктіріліп, бір тәртіптік іс жүргізуге енгізілді.

Төрт судья тәртіптік жауаптылыққа тартылды:

  • екі судья – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін (біреуі ескерту, екіншісі қызметінен босатылды);

  • бір судья – судьялық әдеп талаптарын бұзғаны үшін (қызметінен босатылды);
  • бір облыстық сот алқасының төрағасы – лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін (ескерту).

Жеті судьяға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды:

  • төртеуіне – әрекеттерінде теріс қылық құрамының болмауына байланысты;
  • үшеуіне – құқықтық жағымсыз салдар тудырмаған және азаматтардың құқықтарын бұзбаған теріс қылықтың аздығына байланысты.

Бір судьяға қатысты материал қарау кейінге қалды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, себебі судьялар жоғары сот кеңесіне шағымдануға құқылы.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен сот жюриінің жұмысы қайта құрылып, тәртіптік рәсімдердің ашықтығы күшейді. Бұл әділдік пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар адал судьяларды қысымнан қорғауға бағытталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да