Сүт бағасы 9% өсті. Ең арзан сүт қайда сатылып жатыр?

2025 жылы Қазақстанда өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 665,2 мың тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 7,1% өсті. Бұл кейінгі онжылдықтағы ең жоғары өсімдердің бірі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Energyprom.kz мәліметінше, бұған дейін ұқсас көрсеткіштер 2018 (7,2%) және 2020 (7,5%) жылдары тіркелген. Өндіріс көлемі қатарынан үшінші жыл өсіп келеді.

Баға тенденциялары

2026 жылғы қаңтарда сүт бағасы бір айда 0,4% өсіп, жылдық мәнде 9,2% өсті. Баға өсімі майлылық деңгейіне қарай:

  • 2,2–2,5% майлылықтағы сүт – 8,9%

  • 3,2–4,5% майлылықтағы сүт – 9,4%

  • 6%-дан жоғары майлылық – 9,3%

Кейінгі жылдары баға өсімі баяулаған. Мысалы, 2023 жылы сүт бағасы 32,9% артса, 2024 жылы 14,4%, 2025 жылы 6,9% болған.

Өңірлердегі баға айырмашылығы

Ең қымбат 2,2–2,5% сүт Қызылорда (880 теңге) және Атырау (858 теңге) қалаларында, ал ең арзанТалдықорған (381 теңге), Көкшетау (417 теңге) және Павлодар (415 теңге).

3,2–4,5% майлылықтағы сүттің ең қымбаты – Атырау (871 теңге) және Ақтау (816 теңге), ал ең төменгі баға – Оралда (437 теңге), бұл Атыраумен салыстырғанда екі есе арзан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да