Қазақстан 2026 жылы халықаралық маршруттық желіні кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыттар Азия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерін қамтиды. Ұшу аумағы отандық әуекомпаниялар мен шетелдік тасымалдаушылар арқылы қамтамасыз етіледі.
SCAT әуекомпаниясының жаңа рейстері (Шымкент):
-
Бішкек (Қырғызстан) – 29 наурыздан;
-
Новосібір (Ресей) – 19 мамырдан;
-
Санкт-Петербург (Ресей) – 1 маусымнан;
-
Тель-Авив (Израиль) – 9 маусымнан.
Air Astana халықаралық бағыттары:
-
Алматы – Шанхай (Қытай) – 29 наурыздан;
-
Астана – Гуанчжоу (Қытай) – 2 маусымнан;
-
Алматы – Ларнака (Кипр) – 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін (маусымдық);
-
Астана – Ларнака (Кипр) – 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін (маусымдық);
-
Алматы – Даламан (Түркия) – көктемгі-жазғы кезеңде;
-
Алматы – Салала (Иордания) – 9 наурыздан;
-
Астана – Салала (Иордания) – 9 наурыздан.
Сонымен қатар Алматы – Токио (Жапония) бағыты ашылуы мүмкін.
FlyArystan жаңа рейстері:
-
Алматы – Самарқанд (Өзбекстан) – 17 наурыздан;
-
Алматы – Сиань (Қытай) – маусымда (слоттарды келісу күтілуде);
-
Ақтау – Үрімші (Қытай) – маусымда;
-
Алматы – Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) бағыты ашу жоспарланып жатыр.
Шетелдік тасымалдаушылар:
-
LOT Polish Airlines – Алматы – Варшава рейсі 31 мамырдан;
-
Air Arabia Dammam – Алматы – Даммам рейсі жоспарланып жатыр;
-
Royal Jordanian – Алматы – Амман бағыты мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Жаңа маршруттар сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сонымен қатар Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіне ықпал етуге септігін тигізеді, — делінген хабарламада.
