Әуежайдан «Нұрлы жол» вокзалына 40 минутта жетеді: Астанада LRT жылдамдығы белгілі болды

Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) іске қосылғаннан кейін жолаушылар елорда әуежайынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына шамамен 40 минутта жете алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

LRT пойыздарының жылдамдығы қандай болады

City Transportation Systems (CTS) компаниясының хабарлауынша, LRT пойыздарының орташа жылдамдығы 40-50 км/сағат болады. Соның арқасында қаладағы негізгі көлік тораптары — халықаралық әуежай мен «Нұрлы жол» вокзалы арасына қатынау уақыты едәуір азаяды.

Мамандардың айтуынша, желі толық іске қосылған кезде пойыздар белгіленген кесте бойынша тұрақты қатынайды.

Жобаның негізгі техникалық көрсеткіштері:

  • Пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 40-50 шақырым болады.
  • Қарбалас уақытта пойыздардың келу жиілігі 5-10 минут аралығында болады.
  • Желі бойында 18 станция істейді. Әр станция арасындағы жол жүру уақыты 1,5-3 минут алады.

Мәселен, қазіргі уақытта кептеліс кезінде жету қиын болатын Назарбаев университетінен «Сығанақ» станциясына дейін небәрі 12 минутта жетуге болады. Бұл әсіресе Есіл мен Нұра аудандарының тұрғындары үшін жол кептелісі мәселесін жеңілдетпек.

Жоба қаладағы көлік жүктемесін азайтады

LRT жүйесі Астананың сол жағалауындағы негізгі нысандарды байланыстырып, жол кептелісін азайтуға бағытталған. Жаңа көлік түрі қоғамдық тасымалдың жылдамдығын арттырып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін қатынауды жеңілдетеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да