Centrum Air Ташкент – Астана рейсін іске қосады

29 наурыздан бастап Өзбекстанның Centrum Air әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстер орындай бастайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана әуежайының мәліметінше, рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Ұшулар Airbus A320 ұшағымен орындалады. Жол жүру уақыты шамамен екі сағат болады.

Билеттер 85 мың теңгеден басталады

Бару-қайу бағытындағы әуе билеттерінің ең төменгі бағасы (багажсыз) 85 мың теңгеден немесе шамамен 171 АҚШ долларынан басталады, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын дамытуға, сонымен қатар іскерлік, туристік және отбасылық қатынастарды кеңейтуге ықпал ететінін мәлімдеді.