Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Не болды?

25 ақпанда Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір дәрігерлер қадағалап отыр.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ. Апаттың себебін, мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі департаменті басқарады, — делінген хабарламада.

Анықтама

Катапульт — апат кезінде автоматты түрде арнайы механизм арқылы ұшқыштың сыртқа шығып, парашютпен жерге қонуы.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты жаңа тергеу деректері жарияланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да