Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстанға оралды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана әуежайында спортшыны жанкүйерлер, әріптестері, шенеуніктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Әуежайда арнайы импровизацияланған сахна орнатылып, құттықтау рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин сөз сөйлеп, чемпионға алғыс айтты.

Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы демеушілердің атынан Михаил Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсем Қасановаға және алғашқы ондыққа енген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға бір бөлмелі пәтер сертификаты берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров Лозанна қаласындағы олимпиада үйі ғимаратында естелік қолтаңба қалдырған болатын. Ол олимпиада чемпионы атанған алғашқы Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы ретінде ел тарихына енді. Спортшы қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын жүлдеге ие болды.

Еске салайық, Михаил Шайдоров костюмін олимпиада мұражайына тапсырды.