Не болды?
Елімізде салынатын АЭС мамандары Мәскеу инженерлік-физика институтының Алматыдағы филиалында білім алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ресей баспасөзінің мәліметінше, Қазақстан ядролық физика институты мен Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Алматыдағы филиалы бірлесіп, меморандумға қол қойды.
Екі институт арасындағы бұл құжаттың мақсаты — ядро энергетикасы саласында білікті маман дайындау және арнайы оқу бағдарламасын жасау. Бұдан бөлек, екі жақ та ғылыми-зерттеу мазмұнын арттырып, студенттер мен оқытушыларды бірлескен жобаларға тартып, зертханалардың инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр.
Анықтама
Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Алматыдағы филиалы 2022 жылы ашылған. Оқу орны «Ядролық физика және технология», «Информатика және есеп техникасы» бағыттары бойынша білім береді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2029 жылы басталуы мүмкін.
