14,3 млн теңге: Түркістан әуежайына заңсыз алым алғаны үшін айыппұл салынды

Не болды?

Түркістан халықаралық әуежайына авиаотын үшін кәсіпкерден заңсыз алым алғаны үшін 14,3 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне қарағанда, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ үстемдігін пайдаланып, авиаотын бөлшек саудасында кәсіпкерден әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндірген. Тергеп-тексеру нәтижесінде ҚКәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4-тармағын бұзу фактісі анықталды. 

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сот қаулысы шығып, «Түркістан халықаралық әуежайына» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Контекст

Естеріңізге салайық, Семей халықаралық әуежайына авиаотын бағасын өсіргені үшін 8,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған еді.