Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматының апорт алмасы шетелге экспортталады

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

2026 жылғы 20 ақпанда QazTrade ұйымы мен өндірушілер Алматының апорт алмасын шетелге экспорттайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Германияда өткен «Grüne Woche 2026» деген халықаралық көрмеде Еуропадағы серіктестер Алматы апортына және алмадан әзірленген өнімдерге қызыққан. Алматы апортын өндірушілер қауымдастығының президенті Роман Сафаровтың айтуынша, бұл көрмеге QazTrade-тің шақыруымен қатысқан.

QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы мен Алматы апортын өндірушілер қауымдастығы меморандумға қол қойды. Енді сауда және интеграция министрлігіне қарасты QazTrade ұйымы апорт өндірушілерге сыртқы сауда, халықаралық көрме, келіссөз жүргізу және серіктес табу бағытында қолдайды.

«Біздің алма бақтар теңіз деңгейінен 850 метрден жоғары орналасқан. Алманың дәміне таулы аймақтың климаты әсер етеді. Қазір сегіз шаруа нысаны жыл сайын 1 500–2 000 тонна алма өндіреді. Әзірге экспорт көлемі төмен»,- дейді Роман Сафаров.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2023 жылы апорт алмасы Қазақстан бренді болып тіркелген еді.

 

Мақалаға реакция